русский язык
Әлем футболы

Модрич «Реал Мадридпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Модрич «Реал Мадридпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Жартылай қорғаушы Лука Модрич мадридтік «Реалмен» келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Twitter-де Фабрицио Романо жазды. Дереккөздің айтуынша, екі ай бұрын тараптар арасында ауызша келісім жасалған, қазір қажетті құжаттарға қол қойылды.

Жартылай қорғаушының жаңа келісімшарты бір жылға, яғни 2022/2023 жылғы маусымының соңына дейін болады. Дереккөз алдағы уақытта келісімшарт мерзімін ұзарту туралы ресми түрде хабарланатынын айтады.

Еске салайық, хорватиялық жартылай қорғаушы 2012 жылдың тамыз айында англиялық «Тоттенхэм Хотспурден» «Реалға» 35 миллион еуроға ауысты. 36 жастағы Лука Модрич Мадридтік клуб сапында осы маусымда 45 матч өткізіп, үш гол соқты және 12 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;