русский язык
Жеңіл атлетика

Надежда Дубовицкая Гауһартас лигасы кезеңінде 3-орын алды

Надежда Дубовицкая Гауһартас лигасы кезеңінде 3-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында жеңіл атлетикадан Prefontaine Classic бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazsports.kz сайтына сілтеме жасап

Бұл биылғы Гауһартас лигасының 3-ші кезеңі. Биіктікке секіру сынында қазақстандық Надежда Дубовицкая 3-орын алды. 24 жастағы қазақстандық атлет 1,93 метрді бағындырды.

Ал Токио Олимпиадасының қола, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019) украиналық Ярослава Магучих ешкімге дес бермесе, (2 метр), америкалық Вашти Каннингем (1,93 метр) 2-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Надежда былтыр 6-9 маусым аралығында Алматыда өткен ел чемпионатында 2 метр биіктікке секіріп, Азия рекордын тіркеді. Бұл Дубовицкаяның карьерасындағы ең жақсы нәтижесі. Ал оған дейінгі сары құрлықтың үздік нәтижесі тағы бір отандасымыз Марина Аитоваға (1,99 м, 2009 ж) тиесілі-тұғын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;