«Sprout» «MOUZ» командасын жеңіп, ESL Challenger Valencia 2022 турниріне өтті
![«Sprout» «MOUZ» командасын жеңіп, ESL Challenger Valencia 2022 турниріне өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202205/472_d8218444d721f420e80526bea0b30a11.jpg?v=28707015)
«Sprout» командасы CS:GO-дан ESL Challenger Valencia 2022 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің гранд-финалында команда «MOUZ» командасын 2:0 есебімен жеңді.
ESL Challenger Valencia 2022 1-3 шілде аралығында Испанияда өтеді. Сегіз команда 100 мың АҚШ долларын сарапқа салады.