Хоккей

Хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты өтетін ел белгілі болды

Хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты өтетін ел белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы 2023 жылғы Әлем Чемпионаты Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қаласында өтеді, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы.

Осыған дейін элиталық дивизиондағы Әлем Чемпионаты Ресей жерінде өтуі тиіс еді.

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының (ИИХФ) кезекті конгресінде белгілі болды.

1А дивизионындағы әлем Чемпионатын Ноттингем (Ұлыбритания) қаласы қабылдаса, 1В дивизионыдағы Чемпионат Таллин (Эстония) қаласында жоспарланған.

Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша элиталық дивизионда тұңғыш рет өз орынын сақтап қалды. Сонымен қатар келесі жылғы әлем чемпионатында Ресей және Беларусь құрамалары шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер