русский язык
Бокс

«Рингке шыққанда жеңілмейтіндер жоғын түсінесің». Қазақстандық боксшы 2022 жылғы әлем чемпионатының басты қиындықтарын атады

«Рингке шыққанда жеңілмейтіндер жоғын түсінесің». Қазақстандық боксшы 2022 жылғы әлем чемпионатының басты қиындықтарын атады

Бокстан әйелдер арасында жуырда аяқталған 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль – бір күміс және төрт қола жеңіп алған.

Ыстамбұлда жеңіс тұғырына көтерілген ұлттық құрама сапындағы Карина Ибрагимова әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұл жетістік қазақстандық спортшыға екі түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атануға мүмкіндік берді. 2018 жылы Нью-Делиде Ибрагимова 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар қатарында болып, төрт жыл бұрынғы жетістігін Ыстамбұлда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қайталады.

Prosports.kz журналисі спортшымен сөйлесіп, турнир туралы пікірін білді.

– Карина, өткен әлем біріншілігінен қандай әсер алдыңыз және ол сіз үшін қаншалықты ауыр болды?

– Әлем чемпионаты мен үшін орташа өтті деп ойлаймын. Бұл турнирге көп адам жиналды, өйткені қатысушылар саны көп болды. Менің салмақ дәрежемде қатысушы көп болды - 36 адам. Әр жекпе-жек қиын болды, бірақ ең қиыны бірінші жекпе-жек деп есептеймін. Функциялық және физикалық дайындық бойынша дайын болдық деп ойлаймын.

– 2018 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атандыңыз. Оның өткен турнирдегі нәтижеге жету үшін пайдасы болды ма?

– Менің ойымша, пайдасы болды, бірақ төрт жыл өтті, сондықтан мен әлем чемпионатының қола жүлдегері екенімді сезінбедім, сонымен қатар мұнда басқа салмақ дәрежеде болдым. Үндістандағы әлем біріншілігінен кейін ірі жарыстарда жұдырықтаспадым және бұл менің алғашқы маңызды турнирім болды.

– Осындай ірі турнирде жаңа салмақта өзіңізді қалай сезіндіңіз?

– Жаңа салмақта өзімді өте жақсы сезіндім, Әлхамдулиллах. Бұл бізді жарысқа дұрыс жетелеген бапкерлер мен бүкіл жаттықтырушылар штабының еңбегі деп ойлаймын.

– Медальға жету қай жерде қиынға түсті – Ыстамбұлда ма, Нью-Делиде ме?

– Үндістанда да, Ыстамбұлда да қиын болды, өйткені әр жекпе-жекте титулды спортшылар болды.

– Жартылай финалда әлем чемпионы Линь Юй Тинмен жұдырықтастыңыз. Тайваньдық спортшы туралы не білдіңіз және оны бұрын рингте кездестірдіңіз бе?

- Мен оның әлем чемпионы және Азия ойындарының финалисі екенін білдім. Біз бұрын кездескен емеспіз, өйткені бізде әртүрлі салмақ дәрежесі болды, бірақ рингке шыққанда жеңілмейтіндер жоқ екенін түсінесің.

– Жарыстың финалына шығуға не мүмкіндік бермеді?

– Тактика тұрғысынан қателіктер болды деп ойлаймын. Бірақ жекпе-жектен кейін сылтау айтудың керегі жоқ.

– Жартылай финалдағы жеңілістен кейін бапкерлерден үмітті ақтамағаныңыз үшін кешірім сұрадыңыз. Әлем чемпионатындағы үшінші орын жаман нәтиже ме?

– Әлхамдулиллах, әлем чемпионатында үшінші орын алу – жақсы нәтиже. 36 адамның арасынан үшінші болу бұл жақсы нәтиже деп ойлаймын. Бірақ кез келген спортшы мен бапкер алтын медаль алуды армандайды.

- Сіздің ойыңызша, үшінші әлем чемпионатында өз нәтижелеріңізді жақсарту үшін қандай жұмыс істеу керек?

– Біз сол бағытта жұмысты жалғастырамыз. Физиканы ескеріп, тактика мен техниканы жетілдіреміз. Алла қаласа нәтижені жақсартамыз.

– Биыл қандай жоспарларыңыз бар?

– 11 маусымда Нұр-Сұлтандағы «Ел Орда» кубогы турнирі алдында оқу-жаттығу жиынын өткіземіз, ал жылдың соңында Қазақстан чемпионаты.

Фото: КФБ, www.instagram.com/karina__ibragimova/

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;