Әлем футболы

УЕФА президенті ресейлік клубтарды халықаралық жарыстардан шеттетуге қатысты пікір білдірді

УЕФА президенті ресейлік клубтарды халықаралық жарыстардан шеттетуге қатысты пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александр Чеферин ресейлік клубтарды халықаралық жарыстардан шеттетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Алдыңғы айлардағы жағдайды бәріміз жете бағаламадық. Мұндай қақтығыс туындайды деп ешкім ойламаған еді. Басталған кезде бәріміз бір-екі аптаға созылады деп ойладық. Сондықтан алдағы уақытта не болатынын болжау қазір өте қиын. Мен ресейлік клубтар еурокубокта қайта ойнай алатынына сенімді емеспін. Біз украиналық клубтардың өз турнирлерінде ойнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мен бұл туралы бірнеше рет айттым: маған барлық украиналық және ресейлік спортшы үшін өкінішті, өйткені олар, әсіресе ресейлік футболшылар қақтығыстың зиянын сезініп жатыр», - деа келтірді Чефериннің сөзін Sky Sport Italia.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер