Бірінші Лига ойындарының өткізу күндері өзгертілді

Бірінші Лига ойындарының өткізу күндері өзгертілді
news-banner7
mobile-news-top
Бірінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігі ойындарының өткізу күндері өзгертілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайсар» және «Жетісу» футбол клубтарының 2022 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы Кубогының топтық кезеңіне қатысуына байланысты, Бірінші Лига клубтары арасындағы футбол бойынша Қазақстан Республикасы Біріншілігі Регламентінің 5.20.6 тармақшасына сәйкес, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Біріншілігі ойындарының күнтізбесіне келесі өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады:

12 маусым, 11 тур: «Байқоңыр» – «Қайсар», «Жетісу» – «Академия Онтустик»

24 маусым, 9 тур: «Екібастұз – Яссы»

29 маусым, 12 тур: «Қайсар» – «Жеңіс», «Яссы» – «Жетісу»

3 шілде, 10 тур: «Яссы» – «Байқоңыр»

12 шілде, 13 тур: «Жетісу» – «Қайсар»

24 тамыз, 14 тур: «Қайсар» – «Яссы», «Астана» (Ж) – «Жетісу»

28 тамыз, 17 тур: «Яссы» – «Оқжетпес», «Қайсар» – «Астана» (Ж)

4 қыркүйек, 15 тур: «Игілік» – «Қайсар», «Жетісу» – «Оқжетпес»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер