Испанияда ойнайтын футболшы Қазақстан жастар құрамасына шақырылды

Испанияда ойнайтын футболшы Қазақстан жастар құрамасына шақырылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Дания және Түркияға қарсы Еуропа чемпионатының іріктеу матчты алдында Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрама сапында өзгеріс болды. Қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен келесі кездесулерде алаңға шықпайды. Оның орнына испаниялық «Гранаданың» қорғаушысы Асқар Сатышев шақырылды.

Бірінші лигада өнер көрсететін ойыншылар кейінірек жастар құрамасына қосылады. Олардың қатарында «Қайрат-Жастар» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков, «Қайсардың» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов және қосалқы тізімнен шақырту алған, осы маусымда «Оқжетпесте» өнер көрсететін Мейрамбек Қалмырза бар.

Сонымен қатар, жастар құрамасына «Қайрат-Мәскеу» командасының ойыншысы Александр Широбоков келеді.

30 мамырдан бастап 21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда жаттығу жұмыстарын өткізіп, одан әрі Данияға аттанады.

Қазақстан құрамасы 6 маусымда Даниямен, 10 маусымда Түркиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер