ММА

Шавкат Рахмонов соққыға жығылғанын жоққа шығарды

Шавкат Рахмонов соққыға жығылғанын жоққа шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өзіне шабуыл жасалып, қатты соққыға жығылды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA kz Youtube-арнасына сілтеме жасап.

«YouTube желісінде мені ұрып кетті деген видео тарады, бұл туралы маған көп адам жазады. Құдайға шүкір, менде бәрі жақсы, ондай ештеңе болған жоқ. Біз ешкімге тиіскен емеспіз, бізге де ешкім тиіскен жоқ, біз ешқашан ешкімнен қорықпаймыз. Кез келген уақытта кез келген адамға жауап береміз. Сондықтан арандатушыларға мән бермеңіздер», - деді 27 жастағы спортшы.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 25 маусымда америкалық Нил Мэгниге қарсы өткізеді. Кездесу Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер