Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы ойындарына дайындықты бастады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы ойындарына дайындықты бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчтарына дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Аренада» футболшылар алғашқы жаттығуын өткізді.

Айта кетейік, ұлттық құрамада біраз өзгерістер болды: қорғаушы Марат Быстров (жарақатына байланысты) және қақпашы Стас Покатилов (отбасылық жағдайға байланысты) ұлттық құрама орналасқан жерге келмеді. Нұралы Әліпке келсек, ол 29 мамырда командаға қосылады.

Еске салайық, Әзірбайжанмен кездесу 3 маусым күні сағат 20:00-де «Астана Аренада» өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер