«Сарыарқа» Беларусь жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырғанын хабарлады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Сарыарқа» қорғаушы Арсений Борисовпен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сарыарқаның биылғы маусым аралықтағы бірінші жаңа ойыншысы – Арсений Борисов. 24 жастағы қорғаушы 2021/22 маусымды «Арланда» өткізді. Тұрақты маусымда 34 ойында 12 ұпай жинады. Оның еншісінде 2 гол және 10 нәтижелі пас бар. Пайдалылық коэффициенті +21. Плей-офф кезеңінде 15 матчта ол +10 пайдалылық коэффициентімен 6 (1+5) ұпай жинады.
Өз мансабында барлығы 459 ойын өткізіп, 181 (53 + 128) ұпай жинады. «Сарыарқа» сапында қорғаушы 81 нөмірлі жейде киеді.