Бокс

Аты аңызға айналған боксшы «Канело» Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты

Аты аңызға айналған боксшы «Канело» Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жекте Геннадий Головкинді нокаутқа түсіреді деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fighter Channel Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Головкин 40 жаста және ол әлі жоғары деңгейде. Бірақ үшінші жекпе-жекте «Канело» оны нокаутқа түсіреді деп ойлаймын. Головкин дәл қазір карьерасының шыңында емес. Менің ойымша, Головкиннің стилі «Канелоға» ыңғайлы. Головкин - агрессив боксшы. Егер ол жақын қашықта жұдырықтасса, бұл «Канелоға» жақсы. Бұл тамаша жекпе-жек болады. «Канело» кезекті жеңісіне жетеді деп ойлаймын. Сегізінші немесе тоғызыншы раундта шығар», - деді Маркес.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді. Боксшылар бұған дейін екі рет жұдырықтасып, алғашқысында тең түссе, екінші кездесуде мексикалық боксшы басым түскен.

Фото: AFP 2022 / AL BELLO

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер