Басқа

Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас және мемлекеттік бапкерлері тағайындалды

Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас және мемлекеттік бапкерлері тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері мен мемлекеттік жаттықтырушыны тағайындады, деп хабарлайды Prosport.kz тілшісі Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасының бұйрығымен 16 мамырдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Еставлетов Батырбек Жоламанұлы тағайындалды. Ал Палмағамбетов Серік Әбдірахманұлы мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайылдалды. Бұған дейін бұл қызметті Арман Шылманов атқарып келген.

Батырбек Еставлетов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.

Серік Палмағамбетов – үшінші дан иесі, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер