Теннис

Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр

Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты.

Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер