Бокс

Жәнібек Әлімханұлы: QAZAQ STYLE-ды брендке айналдырдық!

Жәнібек Әлімханұлы: QAZAQ STYLE-ды брендке айналдырдық!
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атанған қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының командасы спортшының алдағы жоспарын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Видео. Әлімханұлының қарсыласын нокаутқа түсірген сәті

«Тарих жасаймыз деген сөзді көп айттық, білесіздер. Тарих жасадық, ағайын! Ол неғылған тарих?

ҚАЗАҚ ұлтын құттықтаймын! Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ! Тұңғыш қазақстандық! Бұл біздің ел үшін, қазақ ұлты үшін үлкен мақтаныш! Ауыз толтырып айтатын оқиға! Сіздер кеше тек жекпе-жек көрген жоқсыздар, сіздер тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар!

QAZAQ STYLE-ды брендке айналдырдық! Әлемдік аренаға алып шықтық! 90 миллиондық аудиториясы бар ESPN арнасы арқылы насихаттадық! Америкалық миллиондаған жазылушысы бар әлеуметтік желі парақшалары арқылы жарнамаланды! Бұл да өте маңызды оқиға! Мақтанатын сәттер! "Советская школа бокса" деген пікірді құрттық! Өз стиліміз барын және оның қандай деңгейде екенін көрсеттік!
Миллиондаған жанкүйер пайда болды! Қазақстан десе "JANIBEK, QAZAQ STYLE" дейтін деңгейге жетеміз, бұйыртса! Соған жұмыс жасап жатырмыз! "

Аллаға шүкір, өте үлкен шаруа бітірдік! Тәкаппараланып, босаңсып кетуден аулақпыз! Ол жағын уайымдамаңыздар! Тәрбие көргенбіз!

Атқарған шаруадан атқарылар шаруа көп! Біз енді бастадық! Біз енді шулатамыз! Аты шулы қарсыластармен шығып, оларды да құлататын уақытқа аз қалды!

Тағы да тарих жасауымыз керек! Ол нығылған тарих дейсіздер ме? Төрт салмақта әлем чемпионы болу керек!

Бізді қолдап, тілектеріңізді айтып, жазып жүрген сіздерге көп рақмет! Жеңісті күндеріміз көп болсын!»


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер