Теннис

Қарағандылық теннисші халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Қарағандылық теннисші халықаралық турнирдің чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 15 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Владиславово қаласында (Польша) өтті. Жарысқа әлемнің 33 елінен 260-тан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандылық спортшы U-15 жас санатында жеті жеңіске жетті және тағы да әлемнің үздік кадеті мәртебесін растай отырып, алтын медальді жеңіп алды. Финалдық матчта Алан Құрманғалиев Франция спортшысы Антуан Нуароны 3-1 есебімен жеңді.

Турнир жеңімпазын және оның жеке бапкерін ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин құттықтады: «Алан Құрманғалиевтің Польшадағы халықаралық турнирдегі триумфы кездейсоқ емес. Біз мұны халықаралық рейтингтік турнирлерде орасан зор еңбек пен тұрақты өнер көрсетудің заңды нәтижесі ретінде қарастырамыз. Соңғы кезеңде Алан ITTF халықаралық турнирлерінде әртүрлі дәрежедегі 13 медаль жеңіп алды және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рейтингте бірінші орынға ие болды. Алан мен жаттықтырушы Эльмира Әлиеваны шын жүректен құттықтаймын және халықаралық спорт аренасында одан әрі жеңістер тілеймін».

Бұдан бұрын Алан Құрманғалиев осы турнирде 17 жас санатында екінші орын алған болатын. Ол Джузеппе Каларко (Италия), Егор Ларков (Литва), Петр Гавлас (Польша), Рохелио Кастро (Мексика), Ли Хоюна (Корея), Натан Ламды (Франция) жеңіп, финалда ғана коре спортшысы Чжун Сунға есе жіберіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер