«Мақтаарал» ойыншысы «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Мақтаарал» ойыншысы «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

«Мақтааралдың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-дың 12-туры аясында өткен «Тобылмен» матчқа (2:4) қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ең алдымен ел чемпиондарына қарсы жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын. Ұтуға болатын еді. бірақ қостанайлық команданың тіс қаққан ойыншылары тәжірибесінің арқасында матч тағдырын өз пайдаларына шешіп кетті. Өкінішті әрине.

Бірақ алда «Тобылға» қарсы бізді 3 ойын күтіп тұр. Оның біреуі чемпионаттағы өз алаңымызда қабылдайтын ойын, қалған екеуі ҚР Кубогының топтық кезеңіндегі матчтар. Аталған 3 матчқа барымызды салып, жеңуге тырысамыз.

— «Тобылдың» жасанды әрі жабық алаңында ойнау қиынға соқпады ма?

- Жасанды алаңда дайындалуға бізде уақыт болмады. Бірақ соған қарамастан өзімізді жақсы қырымыздан көрсеттік. Мен үшін жасанды алаң болсын, табиғи алаң болсын ешқандай айырмашылығы жоқ. Барлық алаңда ойнауға дайынмын, басқаларда солай.

Қарсыластарымыздың жанкүйерлері командаларына тоқтаусыз қолдау көрсетіп ойынға тамаша атмосфера сыйлады.

— Сенің ойыныңа «Мақтаарал» жанкүйерлері жақсы баға береді. Комментаторлар да мақтайды. Бас бапкер осы пікірлерге қосыла ма?

- Жанкүйерлер тарапынан жақсы баға берілсе, демек, ол - жақсы! Бірақ ешқашан мақтауларға мән бермеймін. Бір сөзбен айтқанда "мақтауға семіретін" адам емеспін.

Бас бапкерге келетін болсам: "Негізі құрамға шығу үшін сен әлі жассың"- дейді. Аздап тәжірибем де жетпейтін болар, сол себепті бапкердің ойына қарсы келмеймін. Ең бастысы маған тоқтамай алға жүруді үйретеді. Сенім білдіріп, үміт артады. Қандай матч болсын қосалқы құрамда қалдырып кетпей, ойынға 2-таймда шығарып тұрады. Мен бапкерге кінә артпаймын. Не болсада өзімнен көремін. Мүмкін, мен расыменде негізі құрамға дайын емес шығармын. Не болсада сырттан қараған адамға барлығы айдай анық көрініп тұрады.

— Қазақстан жастар құрамасына шақырту алдың ба?

- Жоқ. Бірақ шақырту күткенім рас. Құрама сапына іліне алмағаныма еш ренжімеймін. Демек мен әлі Қазақстан жастар құрамасында ойнауға лайықты емеспін. Алдағы уақытта болатын жаттығуларда көп тер төгіп, жасыл алаңда тәжірибемді шыңдаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер