ҚПЛ футболшысы Армения құрамасына шақырту алды

ҚПЛ футболшысы Армения құрамасына шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Армения құрамасының бас бапкері Хоакин Капаррос Ұлттар лигасының іріктеу турнирі басталар алдында ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» қорғаушысы Камо Оганесян Армения құрамасына шақырту алды. Армения құрамасы 29 мамырда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Айта кетейік, Армения Ұлттар лигасының В дивизионы 1-тобында өнер көрсетеді. Хоакин Капаррос шәкірттерінің қарсыластары Украина, Шотландия және Ирландия құрамалары болады. Турнир 4 маусымда басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер