Әліп «Зенитте» жыл соңына дейін қалады

Әліп «Зенитте» жыл соңына дейін қалады
news-banner7
mobile-news-top

Ресей чемпионы «Зенит» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті жыл соңына дейін қалдырады, деп хабарлайды Prosports.kz Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресурстың мәліметінше, қазақстандық тарап қарсы емес.

«Санкт-Петерборда олар ойыншыны кем дегенде жылдың соңына дейін қалдыруды көздеп отыр. Бұл ақпарат жақында болған сұхбатта айтылды. «Қайрат» мұны қолдайды. Клубта қазір проблемалар бар - қожайыны қамауда, сондықтан Әліпті қайтару мәселесі бірінші кезекте еме », - деді жағдаймен таныс дереккөз.

Айта кетейік, Әліп «Қайратқа» тиесілі, бірақ 2022 жылдың ақпанында «Зенитке» жалға өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер