Дзюдо

Дзюдодан қыздар құрамасы Еуропа кубогында 3 медаль жеңіп алды

Дзюдодан қыздар құрамасы Еуропа кубогында 3 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан жастар қыздар құрама командасы Еуропа кубогынан үш медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті.

Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.

Атап айқанда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Есмигуль Куюлова қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Карина Такиева күміс медальмен күптелсе, Аида Тойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, аталған бәсекеге 29 елден 320 татами шебері қатысты.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер