Әлем футболы

Англия чемпионаты аяқталды. Қорытынды нәтижелер

Англия чемпионаты аяқталды. Қорытынды нәтижелер
news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер лигасының 2021/22 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Маусым қорытындысында «Манчестер Сити» чемпион атанды. Манчестерлік команда қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр. Олар кейінгі 5 жылды 4 рет АПЛ-ды жеңіп алды, ал жалпы тарихта 6 мәрте топ жарған (АПЛ-да). Биыл 38 ойында 93 ұпай жинап, 99 гол соқты. Бірақ екінші орындағы «Ливерпульден» 1 ұпай ғана озды.

Келер маусымда Чемпиондар лигасына «Ситиден» бөлек «Ливерпуль» (92 ұпай), «Челси» (74) және «Тоттенхэм» (71) командалары қатысады.

«Арсенал» (69 ұпай) мен «Манчестер Юнайтед» (58) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алса, «Вест Хэм» (56) Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

Көш соңында қалған «Бёрнли» (35 ұпай), «Уотфорд» (23) және «Норвич» (22) төменгі лигаға түсіп қалды.

Үздік сұрмерген атағы Мохамед Салах («Ливерпуль») пен Сон Хын-Минге («Тоттенхэм») бұйырды. Екі ойыншы да 23 гол соқты.

Айта кетерлігі, Сон - АПЛ тарихында (тіпті Еуропадағы 5 ірі чемпионат тарихында) үздік сұрмерген атанған алғашқы азиялық ойыншы.

Сондай-ақ, ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын да Салах иеленді. Мысырлық футболшы биыл 13 ассистент жасады.

Германия чемпионаты аяқталды. Қорытынды нәтижелер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер