Жәнібек Әлімханұлы: Әлі үлкен чемпиондық жекпе-жектер бар
![Жәнібек Әлімханұлы: Әлі үлкен чемпиондық жекпе-жектер бар](https://prosports.kz/upload/news/content//202205/201131_4a531c85ba436aaf1c636f39d833f127.jpg?v=28707743)
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақта британиялық Дэнни Дигнумды тізе бүктіріп, уақытша әлем чемпионы атанды.
- Жеңістеріңіз құтты болсын мінеки. Бүгін шығып, жарқын өнер көрсетіп, жеңіске жеттік. Бұл дегеніміз "Qazaq Style"-ды тарихқа жазып жатырмыз. Баршаңызға алғысым шексіз. Қолдауларыңызды сездім. Бұл тек бастамасы. Құдай қаласа, әлі үлкен чемпиондық жекпе-жектер бар, - деді боксшы жекпе-жектен соң.