русский язык
Бокс

Әлімханұлы – Дигнум жекпе-жегіндегі соққылардың статистикасы жарияланды

Әлімханұлы – Дигнум жекпе-жегіндегі соққылардың статистикасы жарияланды

CompuBox орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-1-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жектің статистикасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы барлығы 94 соққы жасаса, оның 34-і (36%) дәл тиген, оның ішінде 33 қуатты соққының 21-і (64%), 61 джеп соққының 13-і (21%) нысанаға дәл тиді.

Британиялық боксшы әлдеқайда төмен нәтиже көрсетті - ол 45 соққы жасап, оның тек 6-ы (13%) дәл болды.

Раундтардағы соққылардың жалпы статистикасы: бірінші раундта 13:5, екіншісінде 21:1.

Айта кетейік, Қазақстан уақыты бойынша 22 мамыр күні таңертең өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;