Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты.

Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.

Бұл - І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер