Теннис

Қазақстандық теннисші алғаш рет «Челленджер» турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші алғаш рет «Челленджер» турнирінің жартылай финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев жұптық сында Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтау қаласының түлегі, 21 жастағы теннисші ресейлік Алибек Качмазовпен бірге ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, ресейліктер Евгений Тюрнев - Евгений Карловскиймен күш сынасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт пен Алибек бәсеке барысында 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.

«Алғаш рет челленджер турнирінің жартылай финалына шыққаныма қуаныштымын. Ширек финалдағы тартысты матчта жеңіс үшін барымызды салдық. Енді ертең жартылай финалда доданың екінші ракеткалары, өзбекстандық Санжар Файзиев - грекиялық Маркос Каловелониспен кездесеміз. Финалға шығу үшін үздік өнер көрсете білуіміз керек», деді Б.Жұқаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер