Басқа

Гимназиадада қазақстандық таеквондошылар командалық есепте топ жарды

Гимназиадада қазақстандық таеквондошылар командалық есепте топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Францияның Нормандия қаласында 2004-2006 жылдары туған оқушылар арасындағы Гимназиадада қазақстандық таеквондошылар үш алтын, екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Ұлдар арасында Акрамат Долгиев 48 келіде қарсылас шақ келтірмей, Гимназиадада топ жарса, қыздар арасында 49 келідегі Рита Бакишева мен 55 келідегі Азиза Қараджанова жеңімпаз атанды. Айта кетерлігі, бұл сынға Қараджанова ұлттық құраманың бас бапкері Батырбек Еставлетовтің қарамағында дайындалды

Ал 44 келіде Наргиз Мерамбек пен 73 келінің өкілі Бекарыс Бекенов оқушылар сынында қола жүлде иеленді. Осылайша құрамамыз жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Жастар құрамасының аға бапкері Нұрболат Жаңбыровтың айтуынша, әлемдік аламанға елімізден 10 таеквондошы аттанған: 5 ұл және 5 қыз. Барлығы да ұлттық құрама мүшелері.

Биылғы Гимназиада жарыстарына әлемнің 64 елінен 3600 спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 17 түрінен және паралимпиадалық үш сыннан бақ сынауда.

Қазақстан оқушылар арасындағы спорттық аламанға тұңғыш рет қатысуда. Елімізден Францияға 17 спорт түрінен 234 оқушы аттанған.

14 мамырда басталған дода 22 мамырда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер