Әлем футболы

Обамеянг Габон құрамасындағы мансабын аяқтады

Обамеянг Габон құрамасындағы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг Габон құрамасындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы ойыншы ұлттық құрамада 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері 72 матчқа қатысып, 30 гол соқты. Габон құрамасының тарихтағы үздік сұрмергені.

Обамеянгпен бірге Габон құрамасы төрт рет Африка ұлттар кубогына қатысты. Ең жақсы нәтижесі – турнирдің 1/4 финалы (2012 жыл).

Айта кетейік, Обамеянг 2022 жылы қаңтарда «Арсеналдан» тегін агент ретінде «Барселонаға» ауысы. Каталониялық клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер