Бокс

ESPN Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегін жариялады

ESPN Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

ESPN Knockout телешоуы твиттерде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен британиялық Дэнни Дигнум арасында жекпе-жек өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке дайын. Сенбі күні ол Лас-Вегаста британиялық Дэнни Дигнумге қарсы орта салмақтағы WBO тұжырымының «уақытша» титулын сарапқа салады. Кеш бүкіл Латын Америкасында ESPN Knockout-та көрсетіледі», — деп жазды.

Айта кетейік, жекпе-жек 21 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер