Бокс

Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа барды

Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа барды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегін өткізу үшін командасымен бірге Лас-Вегасқа барды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде хабарлады. Оның қасында жаттықтырушы Джеймс «Бадди» МакГирт және менеджерлер Эгис Климас пен Берік Сұлтан жүр.

Айта кетейік, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) кездеседі. Жекпе-жек 21 мамырда өтеді Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер