Теннис

Григорий Ломакин Шымкент турнирінің жартылай финалына өтті

Григорий Ломакин Шымкент турнирінің жартылай финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Г. Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге бастапқы кездесуін норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховпен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Г. Ломакин мен Я. Бондаревский ширек фиралда румыниялықтар Николос Йонел – Филипп Жианумен ойнауы керек еді. Алайда, қарсыластарының бірі жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.

Сөйтіп, Г. Ломакин жартылай финалға жолдама алды.

Жекелей сында Бейбіт Жукаев екінші айналымда америкалық Эвану Жуға есе жіберді – 2:6, 3:6. Ал, Денис Евсеев жапониялық Каичи Учидадан ұтылып қалды – 6.7 (5:7), 6:3, 4:6. Д. Евсеев жұптық сында да жарыс жолын аяқтады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер