Теннис

Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды

Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 203-орында тұрған аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернемен кездесті.

Тимофей Скатов қарсыласына 5:7, 1:6 есебімен есе жіберді.

Сағат жарымға жуық созылған бәсекеде аргентиналық спортшы 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Тимофей 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Осылайша, Т. Скатов негізгі турнирге өте алмады.

Биыл Франция ашық чемпионатында жекелей сында әйелдерден Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик өнер көрсетеді.

Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов Қазақстан атынан шығады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;