ЦСКА Қазақстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЦСКА хоккей клубының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дмитрий Гренцпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 жастағы хоккейші 2022/23 жылғы маусымда ЦСКА-ның фарм-клубы «Звездада» өнер көрсетеді.
2015-2021 жылдар аралығында Гренц «Барыс» сапында ҚХЛ-да 101 ойынға қатысып, 10 (3+7) ұпай жинаған.
Былтырғы маусымда ол «Торпедо» сапында Қазақстан чемпионатында 36 ойынға қатысып, 50 (22+28) ұпай жинады.