Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы матчтарына қатысатын кеңейтілген құрамы белгілі болды

Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы матчтарына қатысатын кеңейтілген құрамы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы қарсаңында оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Маусым айында Магомед Адиев баптайтын Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының үшінші жарысына қатысады. Осы уақыт аралығында біздің құрама Әзербайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь құрамаларымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні Нұр-Сұлтанда басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ақтөбе»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев («Шахтер»), Талғат Көсепов («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – «Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»);

Жаттықтырушлар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Арслан Халимбеков – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы-бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер