Хоккей

Хоккейден ӘЧ: Латвия құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден ӘЧ: Латвия құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Латвия құрамасы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Норвегия кұрамасын 3:2 (1:1, 2:0, 0:1) есебімен жеңді. Кездесу Финляндияның Тампер қаласындағы «Нокиа-Арена» стадионында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Жеңімпаздар қатарында Родриго Аболс, Николай Елисеев және Роберт Букартс голдардың авторы атанды.

Норвегия құрамасы сапында Матс Россели Олсен және Макс Крогдал көзге түсті.

Латвия құрамасы кездесулерден кейін үш ұпай жинап, В тобында бесінші, Норвегия екі ұпаймен алтыншы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер