Басқа

Маңғыстаулық кикбоксёрлер әлем кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Маңғыстаулық кикбоксёрлер әлем кубогында тоғыз медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Ыстанбұл қаласында кикбоксингтен ересектер, жастар және кадеттер арасында өткен VII әлем кубогында Маңғыстау облысының спортшылары төрт алтын, бес қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

12-15 мамыр аралығында өткен жарысқа әлемнің 45 елінен 900-ге жуық спортшы бақ сынаған.

Кикбоксингтен Маңғыстау облысының бас бапкері Төремұрат Селіковтің айтуынша, ақтаулық боксшылар байрақты бәсекеде барлық жас санаттарында қатысты.

2004-2005 жылғы спортшылар арасында үш боксшы елге жоғары медаль әкелді. Ақжол Қосыбаев (51 келі) К-1 ережесінде, Әнуар Бақытжанұлы (75 келі) мен Нұрсат Ғалымбекұлы (91 келіден жоғары) фулл-контакт ережесінде қатысып, алтын жүлдеге ие болды. Бұл жас санатында Ерасыл Досан (86 келі) лоу-киктен қола жүлдегер атанды.

2006-2007 жылы туған кадеттер арасында фулл-контакт бойынша Асқар Тынышбай (54 келі) алтын медаль жеңіп алды. Ал сол жас категориясында бақ сынаған Дидар Базар (51 келі, лоу-кик), Айсағали Мәди (57 келі) және Махмұд Мәди (67 келі) қола жүлдені қанжығасына байлады.

Ересектер арасында 67 келіге дейінгі салмақта Селбай Өнербек фулл-контакт бойынша қола жүлдегер атанды. Ол төртінші раундта түрік балуаны Қарадак Танжудан жеңіліп қалды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер