Әлем футболы

«Барселона» негізгі қақпашысын сатуы мүмкін

«Барселона» негізгі қақпашысын сатуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» қақпашы Марк-Андре тер Штегенді сатуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Diario Sport басылымының хабарлауынша, клуб ойыншының қазіргі өнеріне көңілі толмайды. Өйткені қақпашы осы маусымда тым көп гол жіберіп алды.

Каталониялықтар басқа клубтан жақсы ұсыныс түссе, 30 жастағы қақпашыны сатуға дайын.

Айта кетейік, ойыншының «Барселонамен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды. Ол команда сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер