Әлем футболы

«Реал» Мбаппемен келісімшарт жасасуға жақын

«Реал» Мбаппемен келісімшарт жасасуға жақын
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппемен келісімшарт жасасуға жақын, деп хабарлайды Prosport.kz.

Журналист Джанлука Ди Марцио Twitter парақшасында хабарлағандай, мадридтік клуб шабуылшыны биыл жазда қатарға қосады.

«Реал Мадрид» Мбаппемен 5 жылдық келісімшартқа ауызша келісті. Ойыншы әр маусымда салықтан тыс 25 миллион еурон жалақы алады (салықты қоса есептегенде 50 миллион еуро). Сондай-ақ келісімшартқа қол қойғаны үшін 100 миллион еуро бонус беріледі.

Осылайша, Мбаппе мадридтік клубтағы ең көп жалақы алатын ойыншы атанады. Қазір «Реалда» ең көп табыс табатын Эден Азар жылына 14.5 миллион еуро алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер