Футзал

«Барса» жастар арасындағы әлем кубогын жеңіп алды. Видео

«Барса» жастар арасындағы әлем кубогын жеңіп алды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Паранагуада (Бразилия) футзалдан жастар (21 жасқа дейінгі ойыншылар) арасындағы әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде бразилиялық «Жоинвиль» испаниялық «Барса» кездесті. Испаниялық команда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды.

Каталониялықтар финалға дейін бес команданы жеңді. Топтық кезеңде бразилиялық «Рио Бранко» (6:1), аргентиналық «Бока Хуниорс» (4:3) және «Пато» (3:2) командаларынан, ширек финалда уругвайлық «Пеньярол» (3:1), ал жартылай финалда бразилиялық «Коринтианс» (5:3) командасынан басым түсті.

Үшінші орынды тағы бір испаниялық клуб «Пальма Футсал» иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер