«Өте қиын кезең». Седнев – «Ордабасының» қатарынан үшінші жеңілісі туралы

«Өте қиын кезең». Седнев – «Ордабасының» қатарынан үшінші жеңілісі туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев футболдан Қазақстан чемпионатының 11-турында сырт алаңдағы «Шахтёрге» қарсы ойын жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі шымкенттік команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шахтёрді» жеңісімен құттықтаймын. Өкінішке орай, біздің сырт алаңдағы ойындарда жолымыз болмауда, гол соқпай оң нәтижені күту қиын. Менің футболшыларым шабуылға шығып, жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір бізде кадрлық шығын орын алуда, біз бұл мәселені жабуға тырысудамыз. Өз ойыншыларыма ризамын, себебі көбісі өздерінің позицияларынан тыс өнер көрсетуде. Бірақ, біз өз ойын өрнегімізден алыстамадық. Бұл біз үшін өте қиын кезең, бәлкім тәжірибе жетіспегеннен шығар, алайда біз өз күшімізге сенімдіміз. Мен бұл жерде байбалам салатындай ештеңе көріп тұрғаным жоқ, бұл жай ғана жайсыз сәттер. Бұл жағдайға оң көзқараспен қарап, ұнамды нәтижелерге қол жеткізу үшін барлығын жасайтын боламыз», – деді бас бапкер.

11-турдан кейін «Ордабасы» 14 ұпаймен 8-орында тұр.

Фото fcordabasy.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер