«Қызыл-Жар» президенті 7 матчтан шеттетілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚФФ Тәртіптік-бақылау комитеті «Қызыл-Жар» футбол клубының директоры Григорий Лорияны жеті ойыннан шеттетті.
Григорий Лория «Таразға» қарсы ойында төрешілердің жұмысына наразы болып, алаңға жүгіріп шыққан. Төрешілерге қоқан-лоқы көрсеткені ҚФФ оны 7 матчтан шеттету туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, петропавлдық команда 1:0 есебімен жеңіп жатқан, ойынның қосымша уақытында төреші «Тараздың» пайдасына пенальти белгіледі. Нәтижесінде қорытынды есеп 1:1 болды.