Бокс

Джермелл Чарло жартылай орта салмақта сөзсіз әлем чемпионы атанды

Джермелл Чарло жартылай орта салмақта сөзсіз әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Карсонда (Калифорния, АҚШ) американдық Джермелл Чарло (31-1-1, 18 КО) мен аргентиналық Брайан Карлос Кастаньо (17-0-2, 12 КО) арасында бірінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін реванш жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

2021 жылдың 17 шілдесінде Сан-Антониода өткен алғашқы жекпе-жекте боксшылар жеңімпаз анықтай алмай, тең тарқасқан еді. Джермелл WBA Super, WBC және IBF чемпиондық белбеулерін, Кастаньо WBO әлем чемпионы титулын ортаға салды.

Он екі раундқа жоспарланған айқастың шешуші сәті - оныншы раунд болды. Чарло алдымен қарсыласын нокдаунға жіберді, кейін нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер