Әлем футболы

Қытай келесі жылы Азия кубогын өткізуден бас тартты

Қытай келесі жылы Азия кубогын өткізуден бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Қытай елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылғы Азия кубогын өткізбейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Азия футбол конфедерациясының (AFC) мәлімдемесіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Әр төрт жыл сайын құрлықтың 24 командасы жиналатын турнир келесі жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында Қытайдың 10 қаласында өтуі керек еді.

«Қытай футбол қауымдастығымен (CFA) жан-жақты талқылаудан кейін Азия футбол конфедерациясы CFA-ға 2023 жылғы Азия кубогын өткізе алмайтыны туралы ресми түрде хабарлады. AFC Covid-19 пандемиясынан туындаған ерекше жағдайларды мойындайды, бұл Қытайдың турнир өткізу құқығынан бас тартуына әкелді», — делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер