Бокс

Бұрынғы әлем чемпионы мансабын аяқтады

Бұрынғы әлем чемпионы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, 35 жастағы британиялық боксшы Амир Хан мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қолғапты шегеге ілетін уақыты келді. 27 жылдан астам уақытқа созылған осындай керемет мансапқа ие болғаныма қуаныштымын. Бірге жұмыс істеген керемет командаларға, сондай-ақ менің отбасыма, достарыма және жанкүйерлеріме маған көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деп жазды Хан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Амир барлығы 40 жекпе-жек өткізіп, 34 жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады, оның 21-інде нокаутпен жеңіске жетті. 2022 жылы ақпанда өткен соңғы жекпе-жекте Амир Хан отандасы Келл Брукпен жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер