Бокс

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін қазақстандық телеарна көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін қазақстандық телеарна көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Жәнібек Әлімханұлы командасы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететіні туралы видео-анонс жариялады.

Трансляция жексенбі, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады. Жекпе-жек Лас-Вегаста WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл екі боксшының да әлем чемпионы атағы үшін алғашқы айқасы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер