Басқа

Қызылордада таеквондодан халықаралық турнир басталды

Қызылордада таеквондодан халықаралық турнир басталды
news-banner7
mobile-news-top

Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде Мұсахан Қалмахановты еске алуға арналған таеквондодан ересектер мен әйелдер, жастар мен жасөспірімдер және балалар арасында халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Халықаралық турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысының құрама командалары, сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан спортшылар бақ сынауда.

К5 командалық жарысы WT ТК5 командалық Әлем кубогы ережесіне сәйкес өткізіледі.

Барлығы 1195 спортшы 60 салмақ дәрежесі бойынша медальдар мен дипломдарды сарапқа салмақ.

Балалар:

2011-2012 ж.т. ұлдар – 28, 30, 32, 34, 36, +36 кг

2011-2012 ж.т. қыздар – 28, 30, 32, 34, 36, +36 кг

Жасөспірімдер:

2008-2010 ж.т. ұлдар – 33, 37, 41, 45, 49, 53, 57, 61, 65, +65 кг

2008-2010 ж.т. қыздар – 29, 33, 37, 41, 44, 47, 51, 55, 59, +59 кг

Жастар:

2005-2007 ж.т. ұлдар – 48, 55, 63, 73, +73 кг

2005-2007 ж.т. қыздар – 44, 49, 55, 63, +63 кг

18 жастан жоғары:

1980-2004 ж.т. ерлер – 58, 68, 80, +80 кг

1980-2004 ж.т. қыздар – 49, 57, 67, +67 кг

Дәстүрлі аламан 15 мамырда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер