Басқа

Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады

Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады. Ел намысын халықаралық жарыста спорттың 18 түрінен 234 оқушы қорғайды.

Дүниежүзілік гимназиада-2022 Францияның Нормандияда қаласында 14-22 мамыр аралығында өтеді. Спорттық жарыстарға әлемнің 70 елінен 16-18 жас аралығындағы 3,5 мыңнан астам оқушы қатысады.

«Дүниежүзілік гимназиадаға қатысу мектеп спортының және мектеп лигасының дамуына септігін етеді. Балалар жылы жас спортшыларымыз үшін осындай маңызды оқиғамен ерекшеленіп отыр. Ұлттық құрама 296 адамнан тұрады. Оның 234-і жас спортшы, 49-ы жаттықтырушы, 9-ы төреші және 4-еуі штаб мүшесі. Біз спорттың 18 түрінен өнер көрсетеміз. Оқушыларымыз барынша көп медаль алуға тырысады.

Біз спорт түрлері бойынша мектеп лигаларын белсенді түрде дамытамыз. Балалар ол жарыстарға қуана қатысады. Оқушылардың спортқа жаппай қатысуы – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығының директоры Сағдат Садықов.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер