Дзюдо

Алматыда дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық семинар басталды

Алматыда дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық семинар басталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен төрешілерге арналған халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Семинарды Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) спорт директоры Даниэль Ласкау, Армен Багдасаров, IJF төрешілер комиссиясының хатшысы Хюрлия Паскауле және Қазақстан дзюдо федерациясының президентінің міндетін атқарушы Асхат Жіткеевтің жетекшілігімен өткізілуде.

Аталған шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Ганконг, Кувейт, Иран, Сауд Арабиясы, Германия, АҚШ, Италия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Моңғолия, Тайвань және Тайпей елдерінен 70 төреші қатысып жатыр.

Айта кетерлігі, төрешілерге арналған семинар 15 мамырға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер