«Аят» Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалына өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі аясында «Аят» пен «Нұр-Сұлтан» арасындағы қарымта кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында рудныйлық клуб 5:2 есебімен жеңіске жетті. Гол соққандар: Кайо, Карпюк, Леандерсон (2), Пьер, Валиуллин, Қарбаев
Осылайша, олар жартылай финалға шыққан екінші команда атанды. Бұған дейін алматылық «Қайрат» жартылай финалға өткен.