Допты хоккей: Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде Өзбекстанмен тең түсті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында допты хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріндегі үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбекстанмен кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.
Алғашқы екі ойында Қазақстан құрамасы жеңілген болатын. Таиланд және Оман құрамасымен кездесулер 0:3 есебімен аяқталған.
Турнир 15 мамырға дейін жалғасады. Оған Азияның түкпір-түкпірінен 9 команда қатысады, оның алтауы 2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына жолдама алады.
Қатысатын тоғыз команда: Оман, Бангладеш, Таиланд, Шри-Ланка, Гонконг, Индонезия, Өзбекстан, Сингапур және Қазақстан.