Шымкентте триатлоннан ұлттық чемпионат өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Шымкентте триатлоннан ұлттық чемпионат өтті. Біріншілікке еліміздің он бір аймағынан келген 134 спортшы қатысты. Сайыскерлер супер спринт қашықтығында бақ сынасты. Шымкент сайыскерлерді ыстық ауа-райымен қарсы алып, қашықтықтағы сынақты күределендірді.
Элит санатындағы ерлерде бірінші орынды 0:24:48 уақытымен Иван Тутукин (Қостанай обл.) алды. Ануар Турубаев (0:25:12) ару қала Алматыға күміс жеңіп алды. Үшінші орынды Александр Автушко (Шымкент, 0:26:12) жеңіп алды.
Осы санаттағы әйелдер арасында көпшілік күткендей жеңіс тұғырына 0:27:20 уақыт көрсеткен астаналық Екатерина Шабалина мінді. Жеңімпазға бір минуттай жеңілген шымкенттік Арина Шульгина екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікті алматылық Дарья Бычкова (0:29:21) тұйықтады.
Жасы кіші спортшылар да өз күшін сынап, ақтық хаттамадағы сәйкес орындарға ие болды.
U23-F
- Юлия Озерова (Қостанай обл.) — 0:28:57;
- Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) — 0:28:58;
- Аружан Аманжолова (Түркістан обл.) — 0:33:11.
U23-М
- Даниил Зубцов (Қостанай обл.) — 0:25:39;
- Алихан Абусеит (Шымкент) — 0:25:47;
- Ерасыл Аманжолов (Түркістан обл.) — 0:26:11.
U19-F
- Милена Саприна (Алматы) — 0:30:02;
- Ева Пинчук (Нұр-Сұлтан) — 0:30:50;
- Анастасия Захарова (Ақмола обл.) — 0:31:44.
U19-М
- Егор Крупяков (Алматы) — 0:24:38;
- Александр Тен (Алматы) — 0:25:00;
- Арлан Жанабай (Ақмола обл.) — 0:25:49
U17-F
- Диана Ержанова (Нұр-Сұлтан) — 0:30:40;
- Ангелина Редченко (Ақмола обл.) — 0:31:01;
- Вероника Иванюк (Шымкент) — 0:31:51.
U17-М
- Никита Дубинский (Ақмола обл.) — 0:26:23;
- Эрик Раскулов (Ақмола обл.) — 0:26:28;
- Станислав Глок (Ақмола обл.) — 0:27:15.
U15-F
- Анель Исабаева (Ақмола обл.) — 0:30:40;
- Юлиана Петрова (Ақмола обл.) — 0:30:41;
- Виолетта Решетняк (Ақмола обл.) — 0:31:41.
U15-М
- Сергей Петров (Ақмола обл.) — 0:28:24;
- Дархан Сакен (Нұр-Сұлтан) — 0:28:37;
- Алмас Савет (Ақмола обл.) — 0:28:44.